Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің конвертері
Мекен-жайы:
ВКО, г.Шемонаиха, ул.Улица 32/3
Телефондары:
+7 (765) 543-54-65
+7 (765) 543-54-65
E-mail:
31763@mail.ru
Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайы
Экспозицияда қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі өлке тарихы ұсынылған. Ежелгі адамдардың еңбек құралдары, саз ыдысдары, 1930-шы жылдары, және 1965 жылдан 1974 жылдарға дейін Шемонаиха ауданында жұмыс істеген әйгілі археологтар С.С.Черников пен Ф.Х. Арсланованың археологиялық экспедицияларының материалдары көрнекі көрсетілген.
Экспозиция ұсынылған құжаттар, кітаптар мен екі ғасыр ағымында аумақты мекендеген халықтардың тұрмыстық заттары арқылы өлкені қоныстану тарихымен таныстырады.
Экспозиция өлке тұрғындарының мәдениеті, әдіт-ғұрыптары, дәстүрлері, тұрмысы туралы айтады және діни ғұрып заттары, теріден жасалған бұйымдар, маталар, әшекейлер, ағаш және кілем бұйымдары ұсынылған.
Залда өлкенің флорасы мен фауналарын ғылыми зерттеу, пайдалы қазбалар орындары, гидрографиялар туралы материалдар берілген, ландшафт, өсімдік пен жануарлар әлемінің түрлілігі туралы ұғым беріледі.
Мұражайдың көрме залдары- бұл меншік қорлардан, суретшілердің жеке коллекцияларынан, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының басқа мұражайлары қорларынан картиналар көрмесі ұйымдастырылатын орын.Одан басқа, бұл орында ел, аудан тарихындағы мерейтойлы күндерге, мұражай өміріндегі оқиғаларға арналған стационарлық көрме ұйымдастырылады.