Қаражат

Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайы қоры
 
Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайы 1973 жылы, К.А.Феклистов пен В.В.Викулов басқарған соғыс және еңбек ардагерлерінің бастамасымен құрылды.
 
Іс жүзінде мұражай 1960-шы жылдар соңында құрылды, және бастапқыда әскери және еңбек даңқы мұражайы ретінде ойластырылған, алайда, материалдар жинай бастағанда, көптеген бірегек заттар бары анықталды: этнография, діни ғұрып заттары да жинала басталды.
 
К.А.Феклистов пен В.В. Викулов- мұражай ісінің нағыз жан күйерлері, қызмет ету кездерінде, олар өздерінің жеке қағидаларына қайшы келген, мәселен, К.А.Феклистов атеист бола тұра, Шығыс Қазақстан облысының иконалар мен діни қызмет кітаптарының үздік коллекциясын жинады. ХХ ғ. 70-ші жылдары діни ғұрып заттары қауіпті болғандықтан, адамдар оларды мұражайға өткізді.
 
Жинақтау мынандай бағыттарда жүргізілді: өлкені қоныстану және игеру тарихы; аудан халықтардың материалдық және рухани мәдениеті; Шемонаиха ауданының қоғамдық саяси өмірі, діни конфессия, фольклорлық мұрасы, әлеуметтік-экономикалық дамуы және т.б.
 
Қазіргі уақытта мұражай қоры 20 мың сақтау бірлігін құрайды, оның 82,5%.-негізгі қор, 17,5 – ғылыми қосалқы қор. 2 мыңдай немесе 10 % кеңес кезеңіне дейінгі тарихқа жатады, дәл солар ең бағалы болып табылады, оған қоса соңғы жылдары осы қор бөлігіне түсім айтарлықтай төмендеді- уақыт пен коллекционерлер жұмыс істеді.
 
Мұражайда негізінде ХІХ ғ. аяғы ХХ ғасырдың басында даталанған иконалар коллекциясы бар, ежелгі орыс кескіндемесі бойынша сарапты Н.Г. Велижанинамен аталған үлгілер құрамына кіреді. Көбінесе барлығы үйдік
 
иконалар, тек- «Страшный суд» жалғыз шіркеу иконасы, ал қалғандары қатаң атеизм уақытында жойылған. Ағаштар жасалағған басқа, қорда металдан құйылған бұйымдар бар- иконалар, керу-кресті, шіркеу аспаптары заттары. Қолжазба, гектографта басылған құдайға құлшылық ету кітаптарын бірегей деп айтуға болады, ең ежелгісі «Часослов» данасы 1576 жылы даталанған, ең соңғысы ХХ ғасыр басында шығарылған Библия. Экспозицияда ұсынылған ең үздік даналар қатарында «Поморские вопросы и ответы» ескіғұрып трактаты болып табылады. Кітап 1911 жылы Мәскеудегі Преображенский қайырымдылық үйі жанындағы типографияда шығарылған, осындай басылымдар адамдардың бірнеше ұрпағына қызмет етуге арналған, сондықтан да тартымды болып ғана емес, төзімді, терімен қапталған тақтаймен түптелген, алтынмен жалатылған. Кітапта көптеген түрлі-түсті бояулармен және суреттермен безендірілген; төменгі тысында шығынқы мыс тойтарма, сондай-ақ екі бүйір ілгегі- осының барлығы үнемі қолданысына қарамастан кітаптың тозуын айтарлықтай кідірткен.
 
Біздің топтама мақтанышы- Господня табытының таңбасы мен жинамалы-икона үлгісіндегі жол иконостасы, осындай заттар біздің облысымыздағы бірде бір мұражайда жоқ, біз оларды ШҚО архитектура-этнографиялық табиғи- ландшафт мұражай қорығына уақытша пайдалануға бердік.
 
Назарға лайықты енді бір коллекция- кестелі орамалдар коллекциясы, олар 80 аса, алайда біркелкілері жоқ, әрқайсысы ерекше авторлық жұмыс болып табылады.
 
Шемонаиха ауданы – екі танымал жазушының отаны: Г.Д.Гребенщиков пен А.С.Иванов. Мұражайда олардың өмірі мен шығармашылығы туралы, әсіресе А.С.Иванов туралы, - олар фотосуреттер, құжаттар, автордың қолтаңбасымен кітаптар, «Тени исчезают в полдень» және «Вечный зов» фильмдеріне сценариялар қолжазбалары.
 
Соңғы он жылда, 2005 жылы мұражайды облыстық мұражайға өткізуге және қаржыландыру жақсаруына байланысты, жеке айтқанда экспонаттарды сатып алуға, жергілікті суретшілер картиналары топтамасын қалыптастыру басталды, үшеуі Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшелері болып табылады. Осы топтама экспонаттары стационарлық және жылжымалы көрмелер үшін пайдаланылады.
 
Мұражай көптеген жылдар қолданбалы шығармашылық шеберлері Н.В. Квитковский және С.П.Барсуковпен ынтымақтастықта, олар өздерінің бұйымдары коллекциясын бізге өткізді. Біріншісі маны бойынша темір жолшы, тепловоз машинист, зейнеткерге шығып 1:100 масштабындағы паровоздар макетін жасаумен айналысады, мұражай қорында 6 модель бар. Шебер С.П.Барсуковтың қолынан шыққан үйеңкі талшығынан өрілген бұйымдар жылжымалы көрмелерге сән береді.
 
Мұражай қорлары есебі үшін келесі құжаттар жүргізіледі:
 
-Негізгі қорға түсім кітабі
 
-Ғылыми-қосалқы қорға түсім кітабі
 
-Бағалы металдардан жасалған заттарды тіркеу кітабі
 
-Актілерді тіркеу кітабі
 
-Статистикалық есеп дәптері
 
-Қор комиссиясының хаттамалары
 
-Экспонаттарды тұрақты сақтауға өткізуді қабылдау актілері
 
-Уақытша сақтауға қабылдау және беру актілері.
 
Жыл ішінде орташа мұражай қоры 650-700 сақтау бірлігіне толықтырылды, оның көпшілігі фотосуреттер, құжаттар, азшылығы- кеңес кезеңіндегі заттар.

Жинақтар