"Есть только миг..."

                      Шемонаиха тарихи-өлкетану музейінде Шығыс Қазақстан облыстық «Кристалл» фотоклубының мүшелері жұмыстарының көрмесі өтті. Көрме мерейтойлы болып табылады,өткен жылы қыркүйек айында клуб өзінің 50 жылдығын атап өтті. Бұрын көрме облыстық О.Бөкей атындағы кітапханаға және Үлбі металлургиялық зауытының көрме залында қойылды. Көрмеге Өскемен, Риддер, Алтай және Шемонаихадан жиырмаға жуық фотосуретшілер қатысты. Жұмыстың тақырыбы әр түрлі, кез келген жастағы көрерменді қызықтырады. Бұл көрме фотосуреттің кескіндемеден кем емес көрерменді толғандыратын нағыз өнер болуы мүмкін екенін дәлелдейді.