Вернисаж "От Карпат до Алтая".

      

Шемонаиха тарихи-өлкетану музейінде А.Г.Робаны еске алуға арналған Юрий Николаевич Шушаков пен Анатолий Георгиевич Робудың «От Карпат до Алтая» жұмыстарының вернисажы ашылды. Көрермендер назарына Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы мүшелері,екі шебердің 24 жұмысы ұсынылды. Музей қорының,  сондай-ақ дәстүрлі орыс классикалық мәнерінде жазылған жеке коллекциялардың картиналары. Көрменің басты тақырыбы -Алтай табиғаты. Біздің өлкеміздің қайталанбас табиғаты мен алуан түрлілігін ашатын пейзаждар, жазудың шынайы мәнері, жарқын, экспрессивті бояулар музейге келушілердің ешқайсысын бей-жай қалдырмады.

Көрменің ашылуына зиялы қауым өкілдері, суретшілер, қала жұртшылығы, БАҚ өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Көрме ауданның мәдени өміріндегі елеулі оқиғасы болып, барлық сурет әуесқойлары үшін тамаша сыйлық болды.