Тарих мұражайы

Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайы өзінің іргесі қаланғаннан қазіргі уақытқа дейін ауданның қоғамдық және мәдени өмірінің негізгі орталығының бірі болып келеді.

Алғаш рет оны құру туралы Октябрьский революцияның 30 жылдығы қарсаңында 1947 жылы айтылған, 1918 жылдың жазындағы қымпақтарға қарсы шаруалар көтерілісіне қатысқан ағайындық зиратты қалпына келтіру бастаған кезде. Дәл сол жерде кімдер жерленгенін анықтау керек болды. 1960 жылдардың соңында Ұлы Отсн соғысында қайтыс болған шемонаихалықтар санын анқтау басталды, военкомат пен үйлерден жинаған мәліметтерұқсас болмады. Іс барысында біршама материалдар жинақталды. Қалалық Халықтар кеңесінің депутаты В.М.Ведерников 1971 жылы зейнеткерлер ұйымының партиялық жиналысының бірінде мұражай ұйымдастыруды ұсынды. Ол үшін Советский, 25 көшесіндегі үйдің жартысын бөлу (қазір ол үй бұзылған), осында өлке тарихы бойынша құжаттар мен заттарды апара бастады. Осы жұмыста ең басынан бастап өзінің бейресми көшбасшылары болды- Василий Васильевич Викулов пен Константин Аникеевич Феклистов.

Іс тез алға жылжыды, көп кешікпей жай тар болды, сонда мұражайға мектеп ғимаратындағы бір бөлмені берді, алайда бұл да проблеманы шешпеді. Мәселе Аудандық Еңбекшілер депутаттары Кеңесінің атқарушы комитетіне шығарылды, талқыланғаннан кейін «Ауданда мұражай құру туралы» 1973 ж. 14 қыркүйектегі № 257 шешім шығарылды. Шешімнің екінші тармағына сәйкес, мұражайға Советская, 55 көшесіндегі В.И.Ленин атындағы сегізжылдық мектептің ғимараты бөлінді. Ғимарат 1911 ж. болыстық басқарма ретінде салынған, қазіргі ол № 598019 А2 жергілікті маңыздағы ескерткіш.

Басында мұражай халықтық болды, қоғамдық бастамада директор болып В.В.Викулов тағайындалды. Мұражай кеңесін аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Л.А.Давыдова басқарды, ал оның құрамына А.А.Соколов- ЛКСМК аудандық комитет хатшысы, Р.А.Агапитова- парткабинет меңгерушісі, В.А.Крепп- Қаз.КСР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, П.Г.Цыганова- Қаз.КСР еңбегі сіңген мұғалім, Ю.П.- Сугатовка мектебінің директоры, Т.Ф.Ольховая- Қаз.КСР еңбегі сіңген қызметкері халық театрының режиссері, Г.В.Борисова- аудандық кітапхана меңгерушісі.

Халық мұражайы қалыптасуына әртүрлі лауазымдық тұлғалар, партиялық және шаруашылық басшылар үлкен роль атқарды, олар А.Л. Архипов- ҚЖШКП бірінші хатшысы, С.Ф. Рудницкий- «Химстрой» Трест басқармашысы, А.А.Шмик-В.И.Ленин атындағы колхоз төрағасы (Камышенка а.). Д.К. Белозёров- «Ленинское знамя» газетінің редакторы, М.П.Колесников- агроөнеркәсіп кешені кәсіподақ комитетінің төрағасы, И.Д. Галкин- коммуалдық шаруашылық комбинатының бастығы және басқалары үлкен көмек көрсетті.

Бастапқы ой бойынша мұражай әскери және еңбек даңқы мұражайы болуы тиіс еді, іс барысында қамту кеңейіп, тарихи- өлкетану мұражайы болды. Оның жасаушыларының еңбегі ерекше, олар революция, соғыстарға қатысушылар, еңбек ардагерлері туралы фотодеректі материалдар ғана жинамай, алайда этнография бұйымдарын, рухани мәдениет туралы материалдар- иконалар мен діни қызмет кітаптарын жинады. Осының арқасында ШҚО сәулет- этнографиялық және табиғи-ландшафттық қорық мұражайынан кейінгі Шығыс Қазақстан облысындағы маңыздылығы бойынша екінші діни ғұрып заттары коллекциясы жинақталды.
Жинақтаушылар – мұражайдың ерікті көмекшілері арасында П.Г.Цыганова, А.А.Иноземцев, М.А.Васильева, М.С.Якименко ерекше көзге түсті. Жүздеген адамдар экспонаттар өткізді, алайда В.В.Викулов и К.А.Феклистов рөлдері айрықша. Біріншісі негізінде материалдарды қабылдап, өңдеп, оларды зерттеп, келушілермен әңгімелесіп, жазба жүргізді, ал екіншісі шығып экспонаттар жинаумен айналысты, тек аудан шегінде ғана емес, алайда облыстың көптеген орындарынан. Бес жыл ішінде ол 280 үйде болып, 1659 мұражай маңыздағы заттар жинады, олар үшін өзінің жеке ақшасынан да төлеген.

1975 жылдың сәуірінде халық мұражайының алғашқы экспозициясы ашылды, және көбінде ол майдагерлік, қарапайымдылық болғанымен, көптеген қызықты экспонаттарымен келушілерді таңдандырды.

1979 жылы халық мұражайы ның жұмысы Қаз.КСР Мәдениет министрлігімен мойындалып, ол Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы құрамына филиал ретінде кіргізілді. Осы мәртебеде ол 1995 жылға дейін 16 жыл болды, қайта құрылыстан кейінгі ауыр кезеңде басқа да аудан мұражайлары сияқты облыс бюджетіне масыл болмағанға дейін, және де аудан бюджетіне өткізілген жоқ. 1979 жылы қайта құрылған филиалда өз штат қызметкерлері болды: меңгеруші, қор сақтаушы, кіші ғылыми қызметкер, экскурсия жүргізуші, еден жуушы және бақылаушы.

Облыстық мұражайдағы әріптестер әдістемелік, тәжірибелік, материалдық, техникалық және рухани қолдады. Директор Л.Ф. Алексеенко пен А.В. Михалевский, табиғат және кеңес кезеңіне дейінгі тарих бөімдерінің қызметкерлері: Г.И. Почекутова, Г.А. Щербик, Г.А.Кущ жылы сөздерге лайық. Өз ісінің нағыз шебері фотограф В.Шабалин көптеген фотосуреттер, жоғары сапалы көшірмелер жасаған, олар бүгінде қолданыста.

Облыстық бюджет есебінен сол кездері Шығыс Қазақстан облысының бірде-бір аудандық мұражайында болмаған материалдық база құрылды. 1986 жылы кірпіш ғимараты салынып, және де жалпы ауданы 700 ш.м. артты, УАЗ-452 қызмет автокөлігі қолданысқа түсті, экспозицияларды кәсіби рәсімдеуге қаражат бөлінді, ол үшін «Казмузейреставрация» (Алма-Ата қ.) шығармашылық бірлестіктен мамандар шақырылды.

Суретшілер Николай Чугуев пен Борис Гатов істі қолға алып, бірінші, 1987 жылы табиғат залы безендірілді. Оларға мұражай қызметкерлері көмектесті: гербарий, өзен тастарын жинады, шым кесіп бөлектеді. Тақырыптық-экспозициялық жоспар, этикетаж, оның ішінде латын тіліндегі атауларды Г.И. Почекутова жасады.
В.В.Викуловтан кейін әртүрлі уақытта мұражай меңгерушілері болғандар: Елена Георгиевна Куликовская ( 1979-1981ж.), Наталья Владимировна Ощепкова (1981-1987 ж.), Нелли Рудольфовна Бем 1987-1997 ж.), Наталья Георгиевна Дубинчик ( 1997 ж. сәуірінен). Мұражай тарихында меңгеруші Н.Р.Бемнің орны ерекше. Нағыз маман, еңбекқор, өзі мен әріптестеріне қатал, мағлұматты, ол мұражайды жаңа сапалы жоғары деңгейге көтерді.

Жаппай тапшылық кезеңі - 90-шы жылдар басында жаңа мұаржай экспозициясы құрыла бастады, Н.Р.Бем қажетті құрылыс материалдарын жеткізу үшін, ол өзінің әлсіз денсаулығына қарамастан, қыста жүк көлігімен Зырян қаласына барды, бұл сүйікті ісі үшін құрбандыққа дайын екендігін көрсетті. Нелли Рудольфовна тақырыптық-экспозициялық жоспар мен «Шемонаихинский район в период с ХVIII- ХХ века» экспозициясы бойынша экскурсия мәтінінің авторы болып табылады. «Ленинское знамя» аудандық газетінің журналсы Мария Никифоровна Абзалимовамен Гребенщиков оқуларын өткізу бастамашылары болды. Алғашқы оқулар 1992 жылы болып өтті, бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғастырылуда.

Кеңес кезеңіне дейінгі өлке тарихы залдарын жыл ағымында рәсімдеген, 1991 ж. 18 мамырда Халықаралық мұражай күніне оның ашылуы сабақтастырылды.

Тіпті мұражай экспозициясын құру кезінде де келушілер үшін есік ашық болды (табиғат және этнография залы жұмыс істеді), аудан ауылдарында тақырыптық жылжымалы көрмелер көрсетіліп, оқу орындарында дәрістер оқылды. Әртүрлі жылдары мұражайдың ағарту жұмысына үлес қосқандар О.В. Василенко, С.А. Лола, Л.Е.Марченко, Н.Г. Дубинчик. Мұражай қызметі кезіндегі қор бөлімінің үздік қызметкері В.Г. Семёнова болған.

1995-2005 ж. аралығындағы он жылдық мұражайды аудандық бюджетке аударуға байланысты ол басынан қиын-қыстау кезеңді өткізді, оны жабу туралы мәселе туындады. Қаржыландыру жоқтын қасында болды, қызметкерлер штаты 12 мөлшерлемеден 1,5 қысқартылды! Қалған екі қызметкерге тікелей мұражай жұмысынан басқа, ғимарат пен оның аумағын мұнтаздай таза ұстау мен жөнге келтіру жұмыстарын атқаруға тура келді. Осы уақытта мұражайда Н.Г.Дубинчиктен басқа, штаттық кесте бойынша экскурсия жүргізуші болып С.А.Горьковая жұмыс істеді, ал іс жүзінде ол зор мұражай жұмысы шоғырын атқарды, ол оны аса сауатты маман етіп шығарды. 2004 жылы олардың еңбегі «Қазақстан Республикасы мұражай ісін дамытуға қосқан үлесі үшін» Мәдениет Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2005 жылы басқа аудандық мұражайлармен қатар, Шемонаиха мұражайы да ШҚО Мәдениет басқармасының ведомстваға қарасты ұйымдарына аударылды. Іс алға баса бастады, бюджет, штат артып- тағы 4 адам қосылды. 2012 ж. бастап штаттық бірлік тізімі мемлекеттік тілдегі құжаттар редакторы мен аула сыпырушы мөлшерлемесіне толықтырылды, қазіргі уақытта 8 қызметкер құрады.

2008 және 2013 ж. мұражайда екі мәрте жөндеу жүргізіліп, бірнеше проблемалар шешілді, ғимаратқа бастапқы ағаштар кесіп жасалған қалпы қайтарылып, аумақ абаттандырыла бастады.